LIB.AKB.NIS.EDU.KZ > Новости > Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы


11/02/2014, 16:09. Разместил: Admin

Апталықтың алғашқы күні мектеп кітапханасында кафедра мұғалімдері М.Б.Айтимова мен Ж.А.Ниязованың ұйымдастыруымен «Сырға толы - Ақтөбем» атты  сыныптан тыс шара өткізілді. Шара өткізудегі мақсат - оқушыларға жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын таныту. Шара  Облыстық тарихи- өлкетану мұражай қызметкерлерімен кездесу түрінде жүргізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
 

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

 

    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға  ұсынылатын 100 кітап» атты жобаның  жүзеге асырылуын мектебімізде көрсету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері М.С.Танжарикова мен Р.С.Тоганакованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында  сыныптан тыс шара өтті. 

    Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап» деп атап өткен болатын.  Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Шараның өту барысында таңдалған шығармалар желісімен оқушылар өздері оқып шыққан кітабының сюжеті бойынша суреттер салды, шығармалардың аудио нұсқаларын дайындады. Аталған жоба аясында  «Кітап кейіпкері күні» көрмесі  ұйымдастырылды.  

 
 Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
 

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

Вернуться назад